Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан Ресеймен келісім бойынша қандай телефон кодтарын пайдаланатынын хабарлады
Жаңалықтар

Қазақстан Ресеймен келісім бойынша қандай телефон кодтарын пайдаланатынын хабарлады

28.11.2024
1 мин
1
369

Қазақстан Ресеймен келісім бойынша қандай телефон кодтарын пайдаланатынын хабарлады. Екі ел 7-ші халықаралық нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Министрліктің ресми мәліметіне сәйкес, келісімге сәйкес нөмірлеу аймағының диапазондары былайша бөлінді:
    •    Қазақстан +7 0, +7 6 және +7 7 кодтарын пайдаланады.
    •    Ресейге +7 2, +7 3, +7 4, +7 5 және +7 9 кодтары бекітілді.

- Бұл шешім тату көршілік пен өзара құрмет қағидаттарына негізделген конструктивті диалог нәтижесінде қабылданды. Қазақстан мен Ресей ресурстарды азаматтардың игілігі үшін тиімді әрі ашық пайдалану мақсатында ынтымақтастықты жалғастырады, – деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстанға халықаралық жеке код ретінде +997 нөмірі резервке қойылған еді. Алайда байланыс операторларымен талқылау барысында жаңа кодқа көшу бірқатар қаржылық және технологиялық қиындықтар туғызатыны анықталды. Бұған қоса, абоненттер мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен қосымшаларды пайдалану үшін өз деректерін жаңартуға мәжбүр болады. Бұл кезеңде техникалық ақаулар мен жағымсыз тәжірибелердің болуы мүмкін екені айтылды.

Осыған байланысты, азаматтардың ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық электр байланысы одағымен келіссөздер жүргізіп, Қазақстан үшін +7 кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
А 29.11.2024
Ауыстыру керек еды.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл