Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстан облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
«2023 жылғы 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдікті ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.
17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандарды жауапқа тартты» делінген хабарламада.
Ведомство мәліметіне сай, 2023 жылдың басынан бері БҚО аумағында Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.