| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің бірқатар өңірлерінде су қоймалары тасқын суды қабылдауға әзір. Қазіргі таңда республика бойынша 14,3 млрд текше метрден астам бос сыйымдылық дайындалған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, солтүстік, орталық, батыс және шығыс өңірлердегі су қоймаларында қосымша бос орындар қарастырылған.
Ал оңтүстік аймақтардағы су қоймалары керісінше, вегетациялық кезеңге байланысты артық сумен толтырылып жатыр.
Министрлік дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта елдің солтүстігіндегі ірі су қоймалары орта есеппен 70 пайызға, орталық өңірлерде 68 пайызға толған. Батыста бұл көрсеткіш 48 пайызды құраса, шығыстағы қоймалар 86 пайызға дейін жеткен.
Жалпы республика бойынша ірі су қоймаларындағы бос сыйымдылық көлемі 14,3 млрд текше метрден асады. Мамандардың болжамынша, биылғы тасқын кезінде 9,1–13,9 млрд текше метр аралығында су келуі мүмкін.
Құзырлы орган өкілдері жағдай тұрақты бақылауда екенін, гидротехникалық нысандардың қауіпсіздігі мен су өткізу режимі тәулік бойы қадағаланып жатқанын атап өтті.