Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан туризм бойынша әлемдік рейтингте көтерілді
Жаңалықтар

Қазақстан туризм бойынша әлемдік рейтингте көтерілді

30.05.2022
1 мин
0
999

Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат және туризмді дамыту индексінің (Travel&Tourism Development Index 2021 – TTDI) жаһандық рейтингі жарияланды.

Қазақстан бұл рейтингте 2019 жылы 80-ші орыннан (140 мемлекет арасында) көтеріліп, 66-шы орынға (117 мемлекет арасында) орналасты. Қазақстаннан жоғары Грузия (44 орын), Армения (61 орын) және Әзербайжан (63 орын), рейтингте төмен Черногория (67 орын), Марокко (71 орын), Моңғолия (84 орын), Қырғызстан (90 орын) сияқты елдер орналасқан. Рейтингке Өзбекстан, Ресей, Украина, Беларусь және басқа да бірқатар елдер кірмеген. 

TTDI 2021 – бұл 15 жыл бұрын TTCI (Travel&Tourism Competitiveness Index) атауымен шыққан Дүниежүзілік экономикалық форумның жаңа флагмандық индексі. Жаңартылған рейтинг бес индекстен, 17 негізгі көрсеткіштен (+3 жаңа) және әртүрлі негізгі көрсеткіштер бойынша бөлінген 112 жеке көрсеткіштен тұрады. 2021 жылғы рейтингте 2019 жылмен салыстырғанда 23 ел кірмей қалған. 

Қазақстан рейтингте «бағалық бәсекеге қабілеттілік» (1-орын), «халықаралық келулердің маусымдылығы» (26-орын), «табиғи ресурстар» (33-орын), «мәдени көрікті жерлерге қызығушылық» (37-орын), «ЮНЕСКО Дүниежүзілік Мәдени мұра объектілерінің саны» (42-орын), «шетелдік туристердің елде болу ұзақтығы» (52 орын) сияқты индекстер мен көрсеткіштер бойынша жоғары позицияларды иеленді. 

Бұдан басқа, «туризм саласының басымдылығы» бойынша оң динамика байқалады (+15, 68 орын) – бұл көрсеткіш бойынша еліміз рейтингте Малайзия, Польша, Катар, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінен жоғары; сондай-ақ «туристік қызметтер инфрақұрылымы» бойынша, яғни орналастыру орындарындағы нөмірлер саны, банкоматтар саны және т. б. (+2, 76 орын), Әзербайжан, Индонезия және Египет сияқты елдерді басып озды. 

Ал «бизнес орта» (-23, 90 орын), «қауіпсіздік» (-12, 77 орын) және «денсаулық және гигиена» (-4, 33 орын) сияқты көрсеткіштердің төмендеуі байқалады. Бағаланатын көрсеткіштердің жиынтығы 2019 жылмен салыстырғанда ішінара өзгергенін атап өткен жөн. 

Рейтингте әлемдік туристік сала талданып отырған кезеңде үлкен қиындықтарға тап болғаны атап өтілген. Шектеу шаралары, экономикалық құлдырау, туристердің жаңа сапарларға деген қорқынышы туризм саласында ЖІӨ-ге 4,5 триллион АҚШ долларын жоғалтуға және 2020 жылдың өзінде 62 миллион жұмыс орнының қысқаруына әкелді. 

Сонымен қатар сұраныс динамикасының өзгеруі бейімделудің мүмкіндіктері мен қажеттілігін тудырды. Мысалы, ішкі және экологиялық туризмнің белсенді өсуі, цифрлық көшпенділер (digital nomads) мен «bleisure» (яғни іскерлік сапарды демалыспен ұштастыратын бизнес-туристер) санының, өсуі байқалады. 

Әлемдік рейтингте көшбасшы орынға Жапония (1 орын, +3), АҚШ (2 орын, +3) шықты. Олардың артында Испания, Франция, Германия сияқты дәстүрлі еуропалық дестинациялар орналасты.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15298 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл