| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк аттандырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және Үкімет қаулысына сәйкес, жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жіберілді.
Көмек құрамында дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, төсек-жабдықтар, шатырлар және өзге де аса қажетті заттар бар.
Бұл қадам – Қазақстанның көрші елдермен гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға және табиғи апаттан зардап шеккен халыққа қолдау көрсетуге бағытталған ізгі ниетінің көрінісі.
