Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 2 бөлмелі пәтерлер көп сатылады
Баспанаға бағыт

Қазақстанда 2 бөлмелі пәтерлер көп сатылады

12.03.2024
1 мин
5
2482
Фото: mtrk.kz

Көпқабатты үйлердегі пәтер саудасының негізгі үлесі Алматы (24,3%), Астана (23,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі. Бұл жайында Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, көппәтерлі үйдегі мәміле саны 4,4% (1128 мәмілеге) азайған. 

2024 жылдың ақпан айында пәтер бойынша барлығы 24 517 мәміле жасалған, бұл жалпы мәміле санының 80,3%.

Бөлме саны бойынша 2 бөлмелі пәтер сатылымы басым болған, 2024 жылдың ақпанында осындай 9 167 мәміле ресімделген.

2024 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, ақпанда жеке тұрғын үйлер бойынша тұрақтылық байқалады, мәміле саны 0,8% немесе 51 мәмілеге азайды. 

Ақпанда барлығы 6 017 мәміле тіркелді. Сонымен қоса, азаю еліміздің барлық аймағында байқалды.

Ең жоғары өсім Астана (+65,7%), Алматы (+14,1%) қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында (+9,4%) байқалды.

Ал бір айдағы ең үлкен құлдырау Абай (-23,7%), Солтүстік Қазақстан (-10,8%) және Түркістан (-9,8%) облыстарында болды.

2024 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі былтырғы ақпанмен салыстырғанда 26,6% көбейген, ол кезде 24 118 мәміле ресімделген болатын. 

Оң көрсеткіш Ұлытау және Маңғыстау облыстарынан басқа елдің барлық аймағында тіркелді, ондағы азаю сәйкесінше 18,3% және 8,7%. 

Павлодар облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (75,4%) тіркелді.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санының 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санымен салыстырғанда 28,6% оң динамика байқалды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл