| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2027 жылы елімізде барлық сыныптарға жаңа оқулықтар енгізіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР оқу- ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа оқулықтарды шығару бірнеше кезеңмен жоспарланып отыр:
2026 жылы – 3, 4, 7, 8 және 9 сыныптарға арналған оқу құралдары жаңартылады.
2027 жылы – 1 және 5 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығып, карталар, тарихи және әкімшілік материалдар толық ауыстырылады.
10-11 сыныптар – оқу бағдарламалары қайта қаралады.
2028 жылы – 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығарылады.
Министрдің айтуынша, жаңа оқулықтар білім сапасын арттыруға, заманауи ақпаратты толық жеткізуге және оқушылардың оқу тәжірибесін жақсартуға бағытталған.
Жоспар бойынша оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңарту арқылы барлық сыныптар үшін сапалы және заманауи оқу құралдары қамтамасыз етіледі.