Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстан облысында Чехия инвесторларының қатысуымен 22 миллион еуроға зауыт салу жоспарлануда, деп хабарлайды Dauletten.kz Кәсіпкерлік және Индустриялды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап.
Жаңа жоба Тасқала ауданы, Мереке ауылында жүзеге асырылады. Мал шаруашылығы өнімдерін шығаратын және өңдейтін зауыт салынады деп жоспарлануда. Жоба 22 миллион еуроға бағаланған.
«Жоба барысында ашыған сүт өнімдерін, шұжық, ет және ет-сүйек ұнын өндіру қолға алынбақ», - деп толықтырды басқарма.
Дайын өнімдерді ішкі нарыққа шығару жоспарлануда. Сонымен қатар, шамамен 60 жұмыс орны ашылатыны атап өтілді.
Тағы көру