| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Ата Заңнан кейін заңнамалық базаны толық жаңарту қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз телеграм-арнасында Ата Заң қабылданғаннан кейінгі кезеңде атқарылатын негізгі жұмыстарды атап өтті.
- Ата Заңды қабылдау – алғашқы кезең ғана. Мемлекет басшысы айтқандай, алдымызда заңнамалық базаны үйлесімді ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Алғашқы кезеңнің өзінде жаңадан 5 конституциялық заңды және шамамен 60 кодекс пен заңды қабылдау қажет. Одан кейін Құрылтай және Қазақстан Халық Кеңесі секілді жаңа институттарды қалыптастыру міндеті тұр. Үшінші, ең басты міндет – жаңа конституциялық қағидаттар мен құндылықтарды қоғамдық санада орнықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, - деп жазды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Сонымен қатар ол Ата Заңның қабылдануы конституциялық, институционалдық және идеологиялық деңгейде жаңа қоғамдық әдептің негізін қалыптастыратынын атап өтті.