Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері жақын уақытта көкөніс бағасы көтерілмейді деп сенімді түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Баға өспейтіні туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков мәлімдеді. Ол картоп бағасының көтерілуін Қазақстандағы экспорттық сұраныс пен алыпсатарлық әрекеттермен байланыстырғанын, алайда қазіргі уақытта жағдайдың тұрақтанғанын айтты.
– Қазіргі таңда картоптың қымбаттауына еш негіз жоқ. Бұған дейінгі жағдай экспорттық ажиотаж және алыпсатарлық салдарынан туындады. Ал шын мәнінде, картоп, қырыққабат, сәбіз және пияз секілді көкөністердің бағасы көтеріледі деп айтуға негіз жоқ, – деді ол.
Тасжүрековтің айтуынша, картоп бағасының тұрақтылығын әкімдіктер жанындағы тұрақтандыру қорлары қамтамасыз етіп отыр. Бұл қорларда шамамен 115 млрд теңге қаражат бар. Олар өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, өнім сатып алуға және алдын ала қор жинақтауға бағытталған.
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ермек Кенжеханұлы Қазақстандағы көкөніс қоры жеткілікті екенін айтты. Оның сөзінше, артық қорлар бар, ал сәуірдің соңынан бастап көкөніс дақылдарының ерте пісетін өнімдері нарыққа шығады.
– Ең алдымен, қырыққабат дайын болады. Мамыр айынан бастап сәбіз бен картоп ала бастаймыз. Кейін басқа өнімдер де пайда болады. Сондықтан қазіргі қорлар көкөніс дақылдарының ерте өнімдері шыққанға дейін елдің қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті, – деді Кенжеханұлы.
Министрдің міндетін атқарушының айтуынша, бұл қорлар бағаны тұрақты ұстап тұруға және олардың күрт қымбаттауына жол бермеуге мүмкіндік береді.