Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контентті жариялағаны немесе бөліскені үшін әкімшілік жаза енгізілмек, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс депутаттары "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Онда заңға қайшы контент ұғымы кеңейтіліп, оны таратқандардың бәрі жауапкершілікке тартылатыны айтылған. Мұндай контентке зорлық-зомбылыққа, жеккөрушілікке, діни және ұлттық араздыққа шақыратын жазбалар, сондай-ақ суицидті насихаттайтын материалдар жатады.
Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, заң бұзушылар қатарына тек авторлар емес, сол жазбаны бөліскендер де кіреді.
-Адам “бұл заң бұзушылық” деп пікір жазса да, егер контентті бөліссе – ол таратушы болып есептеледі, – деді ол.
Жаңа талап күшіне енсе, ережені бұзғандарға айыппұл салу көзделеді. Қазіргі таңда Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінде мұндай бап жоқ, алайда Парламент түзетулерді мақұлдаса, ол кодекске енгізілуі мүмкін. Заң жобасы екінші оқылымнан соң Сенат қарауына жіберіледі.