Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық тасымалдаушы – "Жолаушылар тасымалы" АҚ электропойыз жолаушыларына арналған жаңа мәдени-ойын-сауық жобасын іске қосты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда алғаш рет пойыз ішінде театрландырылған бағдарлама ұсынылмақ.
"Поттер пойызы" жолаушыларды Гарри Поттер әлеміне саяхатқа жетелейді. Сапар барысында кейіпкерлер бейнесіндегі әртістердің қойылымы көрсетіліп, балалар мен ата-аналар интерактивті ойындарға қатысады. Әрбір жас жолаушыға естелік сыйлық – сиқырлы таяқша табысталады.
Шоу жаңа 4 вагоннан тұратын электропойызда өтеді.
"Астана-1 — Тастақ — Астана-1" (қашықтығы – 60 км). Бағдарламаның ұзақтығы – 2 сағат.
"Поттер пойызының" алғашқы рейстері:
• 2025 жылғы 5 қазан, сағат 11:25
• 2025 жылғы 12 қазан, сағат 11:25
Жолаушылар үшін алдын ала брондау жүйесі қарастырылған. Билеттер мен қосымша ақпаратты @poezd_potter_kz Instagram парақшасынан немесе +7 707 945 53 47 телефоны арқылы алуға болады.