Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда алғаш рет Ұлттық спорт күні атап өтілуде
Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет Ұлттық спорт күні атап өтілуде

20.03.2024
1 мин
0
641

Бүгін елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Наурыз мейрамы аясында Ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, ұлттық спорт ардагерлері, ұлттық спорт федерацияларының президенттері, спортшылар, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі таңда елімізде ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық пен сұраныс артып келе жатқанын ерекше атап өтті.

«Қазақтың ұлттық ойындары – мәдени-патриоттық тәрбие беруде ұтымды құрал. Денсаулықты нығайтуға, саламатты өмір салтын насихаттауға елеулі септігін тигізеді. Бүгін ел ішінде өткізіліп жатқан ат жарыстар, құсбегілік және асық ату, тоғызқұмалақ, садақ ату сияқты турнирлер азаматтарға шынайы мерекені сезінуге мүмкіндік беруде», - деді министр.

Өз кезегінде Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов елімізде Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы аясында 20 наурыздың ұлттық спортқа арналуы бүкіл ұлттық спорт үшін қуанышты жаңалық екенін айтты.

«Кейінгі жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен елімізде ұлттық спорт қарқынды дамып келеді. Биыл қыркүйек айында елордада Президенттің бастамасымен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл ауқымды халықаралық іс-шара ұлттық спортты одан әрі дамытуға тың серпін береді», - деді Исламбек Салжанов.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешеніне жиналған қауымды мейраммен құттықтап, мереке күндері елорданың барлық ауданында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтетінін жеткізді.

Мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіліп, құсбегілік өнер таныстырылды.

Сонымен қатар көкпардан Астана мен АҚШ құрамалары арасындағы жолдастық кездесу көрермендер үшін керемет тосынсый болды.

Мейрамға орай өзінің жетістіктерімен ұлттық спортты дәріптеп жүрген ұлттық спорт ардагерлері мен қайраткерлер марапатталды. Олардың қатарында көкпардан КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаев, тоғызқұмалақтан екі дүркін ел чемпионы Мейрамқұл Ноғайбаев, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмабек Мейрамғалиев, белгілі спорт журналисі, жазушы Несіп Жүнісбайұлы, еңбек сіңірген жаттықтырушы Құламхан Жақыпов, асық атудан ұлттық құраманың бас бапкері Жомарт Сабыржанов, атбегі Мейрамбек Чакенов бар.

«Ұлттық спорт ардагері ретінде еңбегімізді елеп, марапаттап жатқанына қуаныштымыз. Қазір еліміздегі жас спортшыларға мүмкіндік көп. Алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрамамызға жеңіс тілеймін», - деді Әбілхан Дауылбаев.  

Айта кетейік, Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына бүгінде 10 федерация кіреді. Олар: бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» және т.б. Өткен жылы федерация спортшылары 12 халықаралық жарысқа қатысып, 95 медаль жеңіп алды, оның 35-і – алтын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл