Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІІМ-нің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ҰҚК-мен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәліметтер мемлекеттік дерекқорлардан заңсыз алынған және Telegram желісі арқылы таратылған. Ақпараттар кейбір коллекторлық компанияларға да берілгені анықталды.
ІІМ мәліметіне сәйкес, тергеу барысында 140-тан астам адам ұсталды, олардың қатарында жеке компаниялардың иелері мен Telegram арналарын басқарған тұлғалар бар. Қазіргі уақытта 5 күдікті қамауға алынды. Тінту кезінде 400-ден астам компьютер және өзге де электронды құрылғылар тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 205-бабы 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу) және 211-бабы 3-бөлігі (шектеулі ақпаратты заңсыз тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда іске қатысы бар басқа да тұлғалар анықталу үстінде.