Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» және 9 мамыр «Жеңіс күніне» орай ұйымдастырылып жүрген «Жеңіс шеруі» биыл 4-ші жыл қатарынан өтпейтін болды Dauletten.kz.
«Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты биыл елімізде әскери шеру өтпейді. Жалпы алғанда қазіргі уақыттағы маңызды басымдық – Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру», - делінген хабарламада.
Ресми жарияланған ақпаратта мерекеге орай, іс-шаралар жоспары дайындалып жатқаны айтылған.
«Аталған шаралар ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатын көздейді», - делінген.
фото: ortcom.kz