| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің үш ірі мегаполисіндегі айырбастау пунктерінде шетелдік валюталардың орташа сату және сатып алу көрсеткіштері жаңартылды. Қаржы нарығында доллар, еуро және рубль бағамы белгілі бір аралықта тұрақталып отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
28 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес, Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы валюта айырбастау орындарында шетел валюталарын сатып алу мен сатудың орташа бағамы белгіленді.
Үш қала бойынша валюталардың нақты көрсеткіштері төмендегідей:
Алматы:
АҚШ долларын айырбастау пункттері орта есеппен 441,52 теңгеден қабылдап, 443,89 теңгеден ұсынып жатыр. Еуроның сатылуы мен сатып алынуы 502,62 – 507,89 теңге аралығында болса, РФ рублі 4,97 – 5,09 теңге деңгейінде саудалануда.
Астана:
Елордада американдық валюта 439,00 – 446,00 теңге аралығында құбылып тұр. Еуро курсы 500,00 – 510,00 теңге аралығын қамтыса, рубльді турғындар 5,00 – 5,20 теңге бағамымен айырбастай алады.
Шымкент:
Үшінші мегаполисте доллар 441,85 теңгеге сатып алынып, 443,85 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 502,71 – 508,29 теңге аралығын құраса, рубль 5,02 – 5,09 теңге шегінде сатылып жатыр.
Нарықтағы ахуалға байланысты айырбастау орындарындағы бағамдар күн ішінде өзгеруі мүмкін екенін ескерген жөн.