Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда кальян шегуге тыйым салынуы мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстанда кальян шегуге тыйым салынуы мүмкін

24.01.2024
1 мин
2
952
Флто: missoffice.org

Қоғамда дендеп тұрған дерттің бірі – вейп тұтыну. Электронды темекіге, әсіресе жасөспірімдер арасында сұраныс артып келеді. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында осы негізгі норма көзделген заң жобасы мақұлданып, Сенатқа жолданды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Дәулет Тұрлыханов «Қазақстан балалар қоры» жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесін бөлісіп, мәселенің қаншалықты өткір тұрғанын айтты.

«Онда апта сайын астаналық және алматылық жастардың шамамен 80 пайызы сатып алатыны айтылған. Сұмдық емес пе?! Ал оның құрамында не бар екені белгісіз. Өйткені елімізде оның құрамын зерттейтін лаборатория жоқ. Қаржы министрлігінің дерегінше, 2020 жылдан бері вейп сатылуы 300 есеге өскен. Енді осыған заң арқылы нақты тосқауыл қойылды», - деді депутат.

Жастар әуес пайдасынан зияны көп электрондық темекі, синтетикалық наркотик, бір ішсең қайта-қайта іше бергің келетін энергетикалық сусын секілді зиянды заттар күннен күнге көбейіп барады.

«Солардың бірі – кальян, қорқор түтіні. Бұл да жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп, өскелең ұрпақты аздырып барады. Бүгінде арнайы көңіл көтеретін, тамақтанатын орындарды қойып, жастар көлікке салып алып қорқорлататын жағдайға жетті. Тіпті, жасөспірімдердің өзі топталып кальян шегіп, айналасын көк түтінге көмуде», - деді Дәулет Тұрлыханов.

Аталған зиянды заттар құрамы неден тұратыны да белгісіз деді спикер.

«Ал кальянның құрамында не бар екені, не қосып жатқаны белгісіз. Оған темекіден бөлек түрлі ароматизатор, масайтатын заттар қосылатыны жасырын емес. Оған гашиш те, арақ та, коньяк та қосуы әбден мүмкін. Оны қадағалап жатқан бір жан жоқ! Соның салдарынан бүгінде отбасымызбен қоғамдық жерге барып тамақ ішу мүмкін болмай қалды. Айналамыз көк түтін, оның заңсыз екенін ескеріп жатқан кәсіпкер жоқ. Бұл – дабыл қағарлық жағдай!» - дейді Дәулет Тұрлыханов.

Кальянның өзін қоғамдық орындарда қолдануға заң жүзінде тыйым бар. Алайда бұл норма орындалмай отыр. Өйткені 3 жыл бойы кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланған.

«Тексерісті тоқтату деген заңды бұзуға болады деген сөз емес қой. Бірақ пайдаға дәндеген кәсіпкерлер мұны пайдаланып қалуға тырысты. Кальян таратушылар тек өздерінің ғана емес, қасындағы адамдардың да денсаулықтарына зиянын тигізуде. Қоғамдық орындарға тынығуға барған адамдар еріксіз көрші үстелде кальян шегушілердің түтінімен тыныстауға мәжбүр. Бұған ескерту жасап, шағым айтсаңыз, көп болса, кальян шегушіге әкімшілік шара қолданылып, айыппұл салынуы мүмкін. Оның көлемі небәрі 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома ғана. Ал осыны ұсынып отырған кәсіпкерге ешнәрсе де болмайды. Өйткені ол заңда көзделмеген»,- дейді депутат.

Мәселенің салдарларын ескере отырып, заңнамалық негізде тоқтау салу талап етілді. Ұлттық экономика министрлігінің аталған мәселеге қатысты әрекеті мен ұстанымына қатысты сын айтылды.

«Әрине, экономиканы дамытқан жақсы, ел қазынасын қампайтатын түсімнің артқаны дұрыс. Бірақ ол халық денсаулығының есебінен болмауы тиіс. Еліміздің басты байлығы – адам. Оның денінің сау, санасының сергек, зиянды әдеттерден аулақ болуы бәрінен маңызды. Сондықтан, қоғамды кальяннан арылтып, оған мүлдем тыйым салу қажет деп есептеймін», - деді Дәулет Тұрлыханов.

Вейпинг артериялық қысымның артуына ықпал етеді, миокард пен инсульттің даму қаупін арттырады. Темекенің осы түрін қолдануға әлемнің 35 елінде қатаң тыйым салынған. Электронды темекідегі никотин жас баланың миына 8 секундта әсер етіп, оның тамырын тарылтып, жүрегіне ауыртпалық түсіреді. Сондай-ақ елімізде ересек тұрғындардың 21%-ы темекі тартады. 11-15 жастағы жасөспірімдердің вейптерді тұрақты түрде шегуі - 10%-ды, энергетикалық, тәтті сусындарды ішуі -17,5%-ды, артық дене салмағының таралуы 15%-ды құрайды.

Темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілді.

Атап өтілген мәселелерді ескере отырып, келесі шараларды қолға алу ұсынылды:

  • Бірінші. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі бірлесе отырып, барша көңіл көтеру орындарына рейд ұйымдастырып, кальянның елге кіруіне, оның тұтынылу заңдылығына тексеру жүргізуі қажет.
  • Екінші. Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі қолданылып жүрген кальянның құрамына, шығаратын түтініне сараптама жасап, оның адам денсаулығына тигізетін зияны бойынша қорытынды әзірлеуі тиіс.
  • Үшінші. ҚР Үкіметі елімізде кальянды қолдануға мүлдем тыйым салуды және оны бұзғандарға едәуір жауапкершілік тағайындауды көздейтін заң жобасын әзірлеуі қажет.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Г
Гульмира 25.01.2024
Керемет болар еді , калян, энергетикалық напитоктар , бәрің жою керек.
Жауап беру
A
Arailym 24.01.2024
Зор болар еды
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл