Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда карантин жеңілдеді. Қандай нысандар шектеусіз жұмыс істейді?
Жаңалықтар

Қазақстанда карантин жеңілдеді. Қандай нысандар шектеусіз жұмыс істейді?

25.01.2022
1 мин
0
1405

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда карантин шектеулері қалай жеңілдетілгенін түсіндірді.

Ол Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ВАК-та бизнес субъектілері үшін шектеулерді жеңілдету тәсілдері қаралып, мақұлданғанын еске салды.

Оның айтуынша:

 

кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын одан әрі іске асыру жалғасады;

барлық аймақта "жасыл" және "көк" мәртебесі барларға кіруге болатын нысандар үшін жұмыс уақыты бойынша шектеулер алып тасталады;

Ashyq арқылы эпидемиологиялық аймаққа қарамастан салтанатты, мерекелік, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, спорт кешендеріне, сауықтыру және діни нысандарға, ойын-сауық нысандарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне "жасыл" мәртебесімен кіру шектелмейді.

"Эпидемиологиялық қауіп-қатер аймағына қарамастан, қонақүйлерге, әуежайларға, теміржолдарға, автовокзалдарға, ХҚКО-ларға, "Қазпошта" АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандарына, жабық базарларға, білім беру орталықтарына, СПА-орталықтарға, сұлулық салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық (тұрақты және тұрақты емес) тасымалдарға "көк" мәртебесі болған кезде шектеусіз кіруге рұқсат беріледі", - деді министр.

Оның айтуынша, "көк" мәртебесі барларға кіруге рұқсат етілген бірқатар нысан үшін:

"жасыл" аймақтағы шектеулер алып тасталды;

"сары" аймақта - 70 пайызға дейін, "қызыл" аймақтарда – мейрамханалар, мәдени-тұрмыстық нысандар, ересектер мен балаларға арналған ойын және ойын-сауық орындары сияқты қоғамдық тамақтану объектілерінің толтырылуы 60 пайызға дейін ұлғайтылды.

"Пандемияның бүкіл кезеңінде бизнестің барлық саласында карантин шараларды ауқымы түрде жеңілдету болған жоқ. Бұл, өз кезегінде, бизнестің белгіленген қауіпсіз жұмыс алгоритмдерін енгізуге деген міндеттемесіне ерекше жауапкершілік пен сенім жүктейді", - деп түйіндеді Ғиният.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл