Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бас прокуратура Каспий құбырындағы оқиғаға қатысты үндеу жасады
Жаңалықтар

Бас прокуратура Каспий құбырындағы оқиғаға қатысты үндеу жасады

06.01.2026
мин
0
250
Сурет: Naryk.kz

Бас прокуратура Каспий құбыр желісіне Украина тарапынан келтірілген залал туралы әлеуметтік желілерде және басқа алаңдарда жарияланған арандатушылық сипаттағы пікірлерді тексеру үшін сотқа дейінгі тергеу бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Құзырлы орган бұл әрекеттер Қылмыстық кодекстің ұлттық араздықты қоздыруға қатысты бабымен бағалануы мүмкін екенін атап өтті.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Каспий құбыр желісі консорциумына келтірілген залалға қатысты әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық алаңдарда жарияланған кейбір пікірлер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі — ұлттық араздықты қоздыру белгілері бойынша тіркелген. Құқық қорғау органдары арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер жасаған азаматтарды анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін тиісті тергеу шараларын жүзеге асыруда.

- Тергеу нәтижесінде жиналған материалдар негізінде күдіктілердің іс-әрекеті түпкілікті сараланып, процестік шешім қабылданады, — делінген Бас прокурордың ресми жауабында.

Бұған дейін Бас прокуратура жалған ақпарат пен заң талаптарына қайшы контентті таратуға жол берілмейтіні жөнінде ресми ескерту жасаған болатын. Ведомство мұндай әрекеттер үшін қылмыстық әрі әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өткен.

Сонымен қатар жергілікті прокурорлар халық арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Ал Мәдениет және ақпарат министрлігі масс-медиа арқылы қоғамдық кеңістікте көтеріліп жатқан мәселелерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл