Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда киберқылмыспен күрес күшейтілді: 66,9 млн жалған қоңырау бұғатталды
Жаңалықтар

Қазақстанда киберқылмыспен күрес күшейтілді: 66,9 млн жалған қоңырау бұғатталды

09.07.2025
мин
0
82
Сурет: kursiv.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігінің құрылымында өңірлік бөліністері бар арнайы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды. Бұл құрылым тек интернет алаяқтықты ашумен ғана емес, оның алдын алу, ұйымдастырушылық және заңнамалық реттеу шараларымен де айналысады. Аталған бөліністің жұмыс нәтижесімен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте департамент бастығы Жандос Сүйінбай бөлісті, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Биыл алты айда 11 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген.

Полиция 74 sim-box құрылғысын және тіркелмеген 88 мыңнан астам sim-карта тәркіледі. Бұл деректерге қатысты 30 адам ұсталды, оның ішінде 14-і – шетел азаматтары.

Интернет-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізу нәтижесінде заңға қайшы мазмұндағы 59 мың интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жолданды.

Жыл басынан бері 870 адам интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Антифрод-орталығы" арқылы банктермен бірлескен жұмыс нәтижесінде азаматтардан ұрланбақ болған 2,6 млрд теңгеден астам қаражаттың шығарылуына жол берілмеді.

Полиция байланыс операторларымен бірлесіп 66,9 млн жалған қоңырауды бұғаттады.

Республикалық деңгейде әр тоқсанда жедел алдын алу іс-шаралары өткізіліп отырады.

- Алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасалуда, олармен тікелей байланыстар мен жедел ақпарат алмасу арналары қалыптастырылған. Мысалы, осы жылдың қаңтар айында біз Арменияда бірлескен операция өткіздік, онда Еуропа мен ТМД елдерінің тұрғындарын алдап келген алаяқтардың екі call-орталығының көзін жойдық, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларында орналасқан бес call-орталықтың жолы кесілген.

- Интернет-алаяқтықтың алдын алудың басты шарты – азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығы, - деді спикер.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл