| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, Қазақстанда басқарушы қызметкерлердің орташа жалақысы бүгінде 1 миллион теңге шамасында, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алайда бұл көрсеткіш салаға байланысты бірнеше есеге өзгереді.
Ең жоғары жалақы – қаржы, телеком және кен өндіру секторларында.
Мысалы, банк төрағалары мен ірі компания басшылары 5–6 миллион теңгеге дейін табыс табады.
IT және құрылыс салалары да көшбасшылар қатарында — жалақы 2–7 миллион теңге аралығында.
Ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада (білім және денсаулық сақтау) еңбекақы деңгейі айтарлықтай төмен:
мектеп директорлары орта есеппен 500 мың теңге, медицина ұйымдары басшылары — шамамен 600-700 мың теңге алады.
Сарапшылардың пікірінше, басшылардың табысы саланың экономикалық маңызына және компанияның ауқымына тікелей байланысты.