Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда криптовалютаны заңды түрде сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, түзетулер екі негізгі бағытты қамтиды.
- Бірінші бағыт – цифрлық қаржылық активтерді енгізіп, олардың құқықтық мәртебесін белгілеу.
Екіншісі – лицензиялау арқылы криптоайырбастау қызметтерін ретке келтіріп, қамтамасыз етілмеген криптовалюталардың айналымын бақылауға алу, – деді Шолпанқұлов Ұлттық банктегі брифинг барысында.
Сонымен қатар, Ұлттық банк нарық қатысушыларына жаңа цифрлық технологиялар мен қызметтерді сынауға мүмкіндік беретін арнайы платформа әзірлеп жатыр.
Бұған дейін цифрлық даму бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин де осы өзгерістер жөнінде айтып, 2025 жылдың соңына қарай цифрлық активтер нарығы ашық, заңды және түсінікті жүйеге айналатынын атап өткен болатын.
Ең алдымен, цифрлық активтермен жұмыс істейтін – яғни криптовалютаны сақтап, айырбастап және сатумен айналысатын компаниялардың қызметі жеңілдетіледі. Мұндай ұйымдар «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелуі қажет болады. Сол жерде криптовалюта айырбастау пункттері де ашылады.
Жеке тұлғалар – қарапайым азаматтар, криптовалютаны Ұлттық банк немесе Халықаралық қаржы орталығы лицензиялаған цифрлық қызмет жеткізушілерінен сатып алып, сата алады.
Бұл қадам мемлекетке криптовалютамен кімнің және қалай сауда жасап жатқанын бақылауға мүмкіндік береді. Осылайша қаржылық операциялардың ашықтығы артып, капиталды заңсыз шығарудың жолы кесіледі.
Жаңа өзгерістер майнинг саласына да әсер етпек. Енді ірі майнинг компанияларына өз электр станцияларын салып, электр қуатын өздері өндіруге рұқсат беріледі. Бұл олардың жұмысын тұрақты әрі тиімді етеді.