482.32
553.37
5.63
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда медициналық қызметтерді бақылауға арналған Qalqan жүйесі енгізіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда медициналық қызметтерді бақылауға арналған Qalqan жүйесі енгізіледі

19.03.2026
мин
0
77
Сурет: freepik.com

Қазақстанда медициналық қызметтердің ашықтығын арттыру мақсатында QR-код арқылы бақылауға мүмкіндік беретін Qalqan экожүйесін енгізу жоспарланып отыр. Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдар мен Денсаулық сақтау министрлігіне міндет жүктеп, МӘМС және ТМККК аясында жұмыс істейтін барлық медициналық ұйымдар 15 сәуірге дейін осы жүйеге қосылуы тиіс екенін тапсырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңа жүйе пациенттерге қатысты барлық мәліметті бір жерде жинақтайды: көрсетілген қызметтер, емдеуге жатқызу, зертханалық талдаулар, дәрігер тағайындаулары, сондай-ақ медициналық шығындардың МӘМС пен ТМККК арасында қалай бөлінетіні көрініс табады. Сонымен қатар азаматтар анықталған сәйкессіздіктер туралы тікелей хабарлай алады.

Медициналық ұйымдар үшін Qalqan ресурстарды пайдалану, инфрақұрылым жағдайы, кадр жетіспеушілігі, қаржылық көрсеткіштер мен түрлі ауытқуларды талдауға мүмкіндік береді.

МӘМС қоры мамандарының бағалауынша, бұл жүйені енгізу нәтижесінде 200 млрд теңгеден астам экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл