Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда оқушы орны тапшылығы қалай шешілуде?
Жаңалықтар

Қазақстанда оқушы орны тапшылығы қалай шешілуде?

03.02.2025
1 мин
0
296
Сурет: iapn.kz

Соңғы екі жылда Қазақстанда 32 апатты және 71 үшауысымды мектептің мәселесі шешіліп, 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды. Бұл рекордтық көлемде жаңа мектептердің салынуымен тікелей байланысты – 422 жаңа білім беру мекемесі ашылып, жарты миллионға жуық оқушы орны пайда болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елде 8000-ға жуық орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Соңғы он жылда оқушылар саны 1 миллионға өсіп, 3,9 миллионға жетті.

Оқушы орындарының тапшылығын жою, үшауысымды оқыту мен апатты мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ қала мен ауыл арасындағы білім беру инфрақұрылымының сапасындағы алшақтықты азайту үшін елімізде мектеп салу және жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер, Білім беру инфрақұрылымын қаржылай қолдау қоры мен жеке инвесторлар есебінен мектеп құрылысы жүзеге асуда. Биылғы жылы 300 мың оқушыға арналған 200-ге жуық жаңа мектептің құрылысы басталады. Бұл 2026 жылға қарай оқушы орны тапшылығын толығымен жоюға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Роза Сембаева.

Орта білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында 2023-2024 жылдары 464 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Су тасқынынан зардап шеккен 35 нысан қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 2039 мектепте 3130 заманауи пәндік кабинет (робототехника, химия, биология, физика, STEM) жабдықталды.

Мемлекет жаңа оқушы орындарын ашу және балаларға қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Бұл еліміздің барлық өңірінде білім инфрақұрылымын дамытуға ықпал етіп, балалардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл