471.77
547.25
6.6
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда пәтер бағасы құрылыс құнынан 2,5 есе жоғары болып отыр
Жаңалықтар

Қазақстанда пәтер бағасы құрылыс құнынан 2,5 есе жоғары болып отыр

20.05.2026
мин
0
100
Сурет: ЖИ көмегімен

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы баға мен құрылыс құны арасындағы айырмашылық айтарлықтай екені белгілі болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

2026 жылдың алғашқы төрт айындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда бір шаршы метр тұрғын үй салудың орташа құны 238,7 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш жыл ішінде небәрі 2,5 пайызға ғана өскен.

Өңірлер бойынша айырмашылық сақталған: қалада бір шаршы метрдің құрылыс құны орта есеппен 256,4 мың теңге болса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 169,1 мың теңгені құрайды.

Ал нарықтағы жағдай мүлде бөлек. Құрылыс компаниялары дайын тұрғын үйді орта есеппен 615,9 мың теңгеден сатуда. Бұл – құрылыс шығынымен салыстырғанда шамамен 2,5 есе жоғары баға.

Ірі қалаларда да ұқсас көрініс байқалады. Мысалы, Астанада бір шаршы метрдің өзіндік құны 283,4 мың теңге болса, нарықтағы баға 731,9 мың теңгеге дейін жетеді. Алматыда да көрсеткіштер ұқсас: құрылыс құны 283,4 мың теңге болғанымен, сату бағасы 733,3 мың теңге шамасында.

Осылайша, тұрғын үй бағасының қалыптасуында құрылыс шығыны мен нарықтық баға арасындағы алшақтық негізгі факторлардың бірі болып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл