Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда халық саны бойынша әйелдер үлесі - 51,1 пайызды құрайды. Dauletten.kz сайтының ұжымы барша қыз-келіншекті 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды.
Қазақстандағы әйелдер: статистика және негізгі үрдістер
Қазақстанда әйелдердің саны 10 381 377 адамды құрайды, бұл ел халқының 51,1%-ына тең. Соңғы он жыл ішінде олардың саны 15,2%-ға артқан. Әйелдердің басым бөлігі – 64,4%-ы қала тұрғындары болса, 35,6%-ы ауылдық жерлерде өмір сүреді.
Өңірлер бойынша әйелдер саны
Еліміздегі ең көп әйелдер қауымы Алматыда тұрады – бұл қалада 1,2 миллион әйел бар. Екінші орында Түркістан облысы – мұнда 1 миллион әйел өмір сүреді. Үшінші орынға 803 мың нәзік жандысы бар Астана жайғасқан.
Соңғы он жылда әйелдер санының ең қарқынды өсімі де елордада тіркелді – мұнда бұл көрсеткіш 82,1%-ға артты. Алматы қаласында қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, ал Маңғыстау облысында 32,5%-ға көбейген.
Жас ерекшелігіне қарай бөлініс
Әйелдердің 3,3 миллионы – 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балалар. 18 бен 60 жас аралығында 5,3 миллион әйел бар. Ал 60 жастан асқан әйелдердің саны – 1,7 миллион. Орташа есеппен алғанда, қазақстандық әйелдердің жасы – 34,1.
Жұмыспен қамту
Қазіргі таңда елімізде 4,4 миллион әйел түрлі салада еңбек етіп жүр. Негізінен, олар білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында қызмет етеді.
Бұл мәліметтер Қазақстандағы әйелдердің қоғамдағы рөлінің айтарлықтай маңызды екенін көрсетеді. Нәзік жандылардың саны өсіп, еңбек нарығындағы үлесі артып келеді.