Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда сексуалды құлдықтан миллиардтаған табыс тапқандар анықталды
Жаңалықтар

Қазақстанда сексуалды құлдықтан миллиардтаған табыс тапқандар анықталды

28.07.2025
мин
1
195

Астана қаласы және Солтүстік Қазақстан облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері мен прокуратура органдарының бірлескен жедел іс-шараларының нәтижесінде ел аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар екі қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қылмыскерлер интернет-ресурстарды жүйелі түрде пайдалана отырып, жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап, жүргізіп отырған. Олардың әрекеті ұйымдасқан сипатқа ие болып, миллиардтаған пайда табуға әкелген.

Алдын ала деректер бойынша қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асады. Бұл — қылмыстық желінің ауқымын және ұйымдасқан деңгейін көрсетеді. Жүргізілген тінту барысында ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді. Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластарына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.

Ішкі істер министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарды анықтау және бұғаттау жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айнұр 28.07.2025
Мен әрекет қабілетсіз 1топ мүгедек анама қорғаншысымын .Сол үшін мені жеке көмекшіден алып тастпды Түркістан қаласының жұмыспен қамту орыны.Осы енді заңды ма
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл