491.37
570.48
6.78
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда сенімсіз құрылыс компанияларының «қара тізімі» іске қосылады
Жаңалықтар

Қазақстанда сенімсіз құрылыс компанияларының «қара тізімі» іске қосылады

15.06.2026
мин
0
230
Сурет: BAQ.kz

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда тұрғын үй сатып алушылар үшін жаңа бақылау тетігі енгізіледі. Енді азаматтар заң бұзған құрылыс компанияларын арнайы ашық реестр арқылы тексеріп, тәуекелі жоғары жобалардан сақтана алады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Келесі жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде сенімсіз құрылыс салушылардың ресми реестрі жұмысын бастайды. Жаңа жүйе тұрғын үй нарығындағы ашықтықты арттырып, үлескерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

Жаңа талаптарға сәйкес, заң бұзған құрылыс компаниялары арнайы «қара тізімге» енгізіледі. Мұндай тізімге енген ұйымдарға үш жыл бойы азаматтардан үлестік қаражат тартуға тыйым салынады.

Реестрді құрылыс нысаны орналасқан өңірдің әкімдігі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жүргізеді. Құжаттар келіп түскеннен кейін әкімдік бес жұмыс күні ішінде олардың дұрыстығы мен толықтығын тексеріп, тиісті шешім қабылдайды.

Құрылыс компаниясын тізімге енгізуге екі ғана негіз қарастырылған. Біріншісі – заңсыз салынған нысанды бұзу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі. Екіншісі – алаяқтық фактісі бойынша шығарылған сот үкімінің күшіне енуі.

Компания реестрге енгізілген жағдайда әкімдік бұл туралы үш жұмыс күні ішінде ресми түрде хабарлама жолдауға міндетті. Сонымен қатар азаматтар мен ұйымдардың өтініштері де тексеріс жүргізуге және қажетті құжаттарды сұратуға негіз бола алады.

Ашық қолжетімді болатын реестрде құрылыс салушының атауы, БСН-і, заңды мекенжайы, басшылығы мен құрылтайшылары туралы ақпарат, құрылыс нысаны және тізімге енгізу себептері көрсетіледі. Сонымен бірге қабылданған шаралар мен реестрден шығарылған күні туралы мәліметтер де жарияланып отырады.

Ал жеке тұлғалардың дербес деректері мен заңмен қорғалатын құпия ақпараттар ашық базаға енгізілмейді.

Құрылыс салушыны реестрден шығару үш жағдайда жүзеге асады: үш жылдық мерзім аяқталғанда, тізімге енгізуге негіз болған сот шешімі күшін жойғанда немесе әкімдіктің әрекетіне қатысты сот құрылыс компаниясының пайдасына шешім шығарғанда.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа жүйе тұрғын үй нарығындағы тәуекелдерді азайтып, сатып алушыларға құрылыс компаниясының сенімділігін алдын ала тексеруге мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл