Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев цифрлық теңге қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Цифрлық валютаны енгізудің ықтимал әсерлерін зерттеу нәтижелері, пилоттық жобаның қорытындысы және мүдделі тараптармен талқылау өткеннен кейін цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылданады және жол картасы әзірленеді", - деді Досаев үкімет отырысында.
Ол пилоттық жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асатынын атап өтті.
Биыл 5 мамырда Ұлттық банк цифрлық валютаны енгізу туралы баcтаманы жариялады. Цифрлық теңгенің ақша-кредит саясатына және қаржылық тұрақтылыққа, төлем қызметтері нарығына әсері анықталады.
Баяндамада цифрлық валютаның технологиялық және экономикалық сипаты, Ұлттық банктің цифрлық теңгені зерттеу және енгізу тәсілдері, ықтимал әсерлерін алдын ала бағалау және пилоттық жобаның сипаттамасы қамтылған. Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны айырбастауға арналмаған. Егер енгізілсе, заңды төлем құралына айналады.