Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 2021 жылдың І жартыжылдығында тұрғын үй құрылысы 6,1%-ке қымбаттады.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2020 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салуға жұмсалған шығын 118,6 мың теңгені құрады. Осы жартыжылдықта бұл көрсеткіш 125,9 мың теңгеге дейін өсті.
Жеке құрылыс 5,6%-ке, яғни 97,9 мың теңгеге дейін қымбаттады.
Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар-маусымында тұрғын үй құрылысына 989,4 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,5%-ке артық. 6,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,2%-ке көп. Оның ішінде 18,3 мың жеке үй және 56 мың пәтері бар 612 көпқабатты үйлер бар.
Биыл маусымда бастапқы тұрғын үй 2020 жылғы маусым айымен салыстырғанда 13,4%-ке 338,4 мың теңгеге дейін қымбаттады.