| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жалақыдан ұсталып келген бірнеше салық пен әлеуметтік төлемді бір жүйеге біріктіру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елімізде жалақыдан төленетін міндетті салықтар мен аударымдарды бір төлемге біріктіру бастамасы қарастырылып жатыр. Үкімет бұл өзгеріс арқылы төлем жүйесін жеңілдетіп, есеп жүргізуді оңтайландыруды көздейді.
Бұл туралы вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
Вице-премьер Серік Жұманғариннің мәліметінше, жаңа жүйенің нақты қашан енгізілетіні әзірге нақтыланбаған. Алайда бастаманы жүзеге асыру ұзаққа созылмауы мүмкін.
Жоспарға сәйкес, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқа да міндетті аударымдар бір төлем форматына біріктіріледі. Соның нәтижесінде жұмыс берушілер бірнеше бөлек төлемнің орнына барлық міндеттемені бір жолмен аударады.
Министр бұл өзгеріс салық көлемін азайтуға бағытталмағанын атап өтті. Яғни азаматтардың жалақысынан ұсталатын жалпы сома өзгермейді, тек төлем жасау тәртібі жаңарады.