Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жаңа Kia автозауыты пайда болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Allur Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің кездесуінде белгілі болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның машина жасауды дамыту, инженерлік кадрлардың құзыреттілігін арттыру және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысына қазіргі таңда 6 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейтін өндіріс орындары мен келешегі зор жобалар туралы баяндалды. Қостанайда оңтүстіккореялық Kia Corporation өндірушісімен бірлесіп Kia автокөліктерін шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталады.
фото: Kia.ru