Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банк жаңа дизайндағы банкноттарды таныстырды. Қазір айналымда 1 000, 2 000 және 10 000 теңгелік купюралар жүр. Жыл соңына дейін 500 теңгелік, ал 2026 жылы 20 000 теңгелік жаңа банкноттар шығарылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа серия "Сақ стилі" тақырыбын жалғастырады, алайда түстік гаммасы айқын әрі қанық болмақ. Купюралар сұр-көгілдір, көгілдір-жасыл және күлгін түстерде жасалған. Алдыңғы бетінде еліміздің бай фаунасын танытатын жануарлар мен құстар бейнеленген.
Ескі ақша белгілі бір уақытқа дейін қолданыста болады.
• 2000 және 10 000 теңгелік банкноттар – 2026 жылдың жазына дейін,
• 1000 теңгелік купюралар – 2027 жылдың көктеміне дейін заңды төлем құралы болып қала береді.
Ал 2011 жылғы 5000 теңгелік банкноттар 25 қыркүйектен бастап күшін жояды.
Ұлттық банк мәліметінше, параллельді айналым мерзімі аяқталған соң:
• екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» ескі ақшаны үш жыл ішінде,
• Ұлттық банк бөлімшелері – мерзімсіз айырбастайды.