Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталады, биылғы оқу жылына 97 мың грант бөлінді. Бұл жаңашылдықтар туралы БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова хабарлады.
Қабылдау рәсімі жаңа ережелер бойынша жүргізіледі және тегін білім алғысы келетіндер үшін квоталар тізімі кеңейтілді.
«Биыл педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды қоспағанда, қабылдау емтихандары болмайды. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндердің орташа балы бойынша өткізіледі. Одан басқа, білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ «ақша студентпен бірге жүреді» қағидаты негізінде гранттарды бөлудің жаңа тетігін әзірледі. Яғни, бұрын гранттар колледждер арасында бөлінген болса, енді олар талапкерлердің таңдауы бойынша беріледі. Мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша колледждер арасында орналастырылмақ», – дейді Н. Оспанова ведомствоның Facebook-тегі парақшасында.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау 25 маусымнан басталады. Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен – электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы немесе тікелей колледжге тапсыра алады.