Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда емханалар мен ауруханаларда қызмет ететін медицина мамандарына видеожетондар беру жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министр 2024 жылдың желтоқсанында жедел жәрдем қызметкерлеріне видеожетондар берілетінін айтты. Қазіргі таңда жоба Астана мен Алматы қалаларында пилоттық режимде іске қосылған. Жыл соңына дейін өзге өңірлер де қосылуы мүмкін.
- Біз бұл бастаманы тек жедел жәрдем қызметіне ғана емес, өзге де мамандарға кеңейтуді қарастырып жатырмыз. Қазіргі таңда жедел жәрдем қызметкерлері туралы шешім бұйрыққа енгізілді, енді екінші кезеңде амбулаторлық-емханалық қызмет саласындағы дәрігерлер мен медбикелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жетондарды енгізу көзделіп отыр, – деді министр үкімет отырысында.
Оның айтуынша, видеожетондарды медициналық мекемелер мен жергілікті әкімдіктер сатып алатын болады.
Жобаның нақты іске асу мерзімі әзірге нақтыланбаған. Министрлікке қажетті нормативтік-құқықтық өзгерістерді енгізу үшін шамамен үш ай қажет.
Сонымен қатар министрлік қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаған адамдарға қылмыстық жауапкершілік жүктеу туралы ұсыныс енгізген.