Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық қандай курорттық аймақтарға сұраныс артты?
Жаңалықтар

Қазақстандық қандай курорттық аймақтарға сұраныс артты?

26.06.2023
1 мин
0
528
Inform.kz

Жаздың алғашқы айынан Алакөл, Балқаш және Зайсан курортты аймақтарына сұраныс 5 есеге жуық өсті, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Үшарал, Балқаш, Зайсан және Үржарға сұраныс өскен. Осы бағыттармен туристер Қазақстанның шығысындағы курортты аймақтармен жағажай демалыс орындарына жетеді.

Ірі туристік агрегатордың мәліметінше, көрсетілген бағыттар бойынша сұраныс 5 есеге жуық өсті. Бұл Үржар және Үшарал әуежайларының ұшу-қону жолақтарын жөндеу аяқталып, жұмыс бұрынғы режимде қайта басталғанымен байланысты болып отыр.

Жазғы маусымда сұраныс өскен бағыттардың ішінде Ақтөбе мен Түркістан ерекше көзге түседі. Биыл туристердің екі қалаға деген қызығушылығы 40% - ға артқан.

«Ішкі туризмді дамыту- шетелдік саяхатшылар санын арттыру сияқты маңызды. Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыруға арналған түрлі бағдарламалар әзірлеп, іске асырып жатыр. Мысалы, Kids go  free бағдарламасы ел ішіндегі отбасылық демалысты тиімді жоспарлап, ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Туроператорлар арқылы туристік пакеттерді сатып алу арқылы отандастарымыз 30% - ға дейін үнемдей алады»,-деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Еске салсақ, еліміздің топ-5 туристік бағытына Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау кіреді. Бес шаһар дәстүрлі түрде осы рейтингте көш бастап тұр. Жазғы маусымға қарай, оларға деген қызығушылық орта есеппен 20% - ға өсті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл