Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 жылдың қаңтар айында жаңа автокөлік алуға ел азаматтары қанша теңге жұмсағанын "ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының мамандары хабарлады.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, биыл азаматтар жаңа көлік алу үшін 80,5 млрд теңге жұмсаған. Бұл қаражат өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1,5 есе артық.
«Қаңтар айында көлікке сұраныс артып, 8 136 көлік сатылған. Қазіргі көрсеткіштің негізі – өткен жылдағы төмен базаның әсері және бағасы 10 млн теңгеден басталатын бизнес-класс үлгілері бойынша несиелік ұсыныстардың әрекеті", – деп атап өтті одақтың стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян.
Сонымен қатар азаматтар арасында сұранысы басым бес бренд аталды. Олар – Hyundai, Chevrolet, Toyota, Lada және KIA
Жеңіл көліктердің ең көп сатылуы Алматыда (2 483 келісімшарт). Одан кейін елорда (1 512), Шымкент (1 015), Қарағанды (531), Қостанай (333), Өскемен (300), Ақтау (296), Атырау (288) және Павлодарда (251) анықталған.