Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?
Жаңалықтар

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

15.07.2025
1 мин
0
70
Сурет: sputnik

Үкімет отырысында премьер-министрдің төрағалығымен қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік қарыздың қазіргі жағдайы мен оны басқару бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгеге жетіп, жалпы ішкі өнімнің 21,1 пайызын құрады. Бұл сома жыл басымен салыстырғанда 40 млрд теңгеге артқан.

- Мемлекеттік қарыздың ұлғаюына негізінен республикалық бюджеттің тапшылығын өтеу және бұрын алынған қарыз қаражатын игеру себеп болды, – деді Тәкиев.

Сонымен қатар, жалпы ішкі өнім өсімі арқасында мемлекеттік борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы жыл сайын төмендеуде:
    •    2020 жылы – 29,2 пайыз,
    •    2024 жылы – 23,5 пайыз.

- Бұл – 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында көзделген жалпы ішкі өнімнің 32 пайызына дейінгі лимит шегінде қалып отыр, – деді министр.

Сондай-ақ, 24 маусымда Қаржы министрлігі $2,5 млрд көлемінде евробондтар орналастырған. Бұл шара жиынтық қарыз көлемін арттырмай, 2015 жылғы сыртқы міндеттемелер бойынша алдағы төлемдерді толығымен қайта қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, сыртқы нарықта квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алдағы уақытта қарыз алуы үшін кірістілік көрсеткіші қалыптасты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл