Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Республика күніне орай Қазақстанның мемлекеттік туы Нью-Йоркте көкке көтерілді. Бұл ерекше сәт Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және халықаралық аренадағы беделін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл салтанатты іс-шара әйгілі Уолл-Стритте ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Нью-Йорктегі бұл рәсім еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін, ұлттық құндылықтарын әлемге танытудағы маңызды қадамдардың бірі ретінде көрініс табады.
Тудың көкке көтеру рәсімінен түсірілген видеоны адвокат Жанна Оразбахова Instagram парақшасында жариялады.
Ту көтеру рәсіміне Нью-Йорк мэриясы, қаладағы қазақ диаспорасы, бірнеше шет мемлекеттің дипломаттары, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі мен Бас консулдығы қатысты. Алаңға танымал әнші Димаштың АҚШ-тағы жанкүйерлері де барған. Қала мэрі Эрик Адамс жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты атап өтті.
- Ту халқымыз үшін әрқашан да бірлік пен ерліктің символы болып қала береді. Біз АҚШ-тағы әріптестерімізбен бірге осындай шара өткізіп, ұйымдастырғанымызға қуаныштымыз, - деді ҚР Нью-Йорк қаласындағы бас консулы Рауан Тілеулин.
Ал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тағы жанкүйері Тная Янг біздің елімізді қонақжай халық ретінде таниды екен. Ол барша қазақстандықты мерекемен құттықтады.