491.29
562.92
6.1
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазтеміртранс» Алматы филиалының басшысы ұсталды
Жаңалықтар

«Қазтеміртранс» Алматы филиалының басшысы ұсталды

06.03.2026
мин
0
150
Сурет: politico.kz

6 наурыз күні таңертең «Қазтеміртранс» компаниясының баспасөз қызметі Алматы филиалының директоры Ақылбек Базеновтің ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

6 наурыз күні таңертең «Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі Алматы филиалының директоры Ақылбек Базеновтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазіргі уақытта іс бойынша уәкілетті құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Компанияның хабарлауынша, «Қазтеміртранс» тергеу органдарымен толықтай ынтымақтастық орнатып, қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынуда.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында тараған «мемлекеттік сатып алуларда жеңіске жетуге ықпал еткені үшін ірі көлемде пара алу» туралы мәліметтерге қатысты компания күмән бар екенін атап өтті. Айтуларынша, қазіргі уақытта «Қазтеміртранс» АҚ мен күзет ұйымдары арасындағы келісімшарттар толық аяқталған.

Компания мәліметіне сәйкес, жалпы бюджет бойынша күзет қызметтеріне шамамен 200 млн теңге қарастырылған. Ал Алматы филиалына өндірістік базаларды қорғауға биыл 9 млн теңгеден аз қаржы бөлінген. Бұл сома кейбір ақпарат көздерінде айтылған пара мөлшерінен әлдеқайда төмен екені айтылды. Қалған жайттар тергеу барысында анықталмақ.

- Қазтеміртранс» АҚ өз қызметінде заңдылық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидаттарын ұстанатынын мәлімдеді. Егер заң бұзушылық дәлелденсе, тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді.

Қазіргі уақытта компания қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, өндірістік міндеттемелерін және клиенттер алдындағы жауапкершіліктерін орындап отыр. Тергеу нәтижелері белгілі болған жағдайда, қоғамға қосымша ақпарат берілетіні хабарланды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл