Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелері делінген азаматтарға іздеу жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметінше, олар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) 46 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз шығару үшін қылмыстық схема ұйымдастырған.
Іздестіріліп жатқан күдіктілер:
Дүйсенов Аслан Қамбарұлы (01.04.1992 ж.т.)
Иманбаев Габбас (18.05.1998 ж.т.)
Елешев Есимхан Баяндиевич (11.09.1987 ж.т.)
Олар Маңғыстау және Атырау облыстарында тіркелген 7 стоматологиялық клиника арқылы ешқандай медициналық қызмет көрсетілмегенімен, жалған құжаттар рәсімдеп, қаражат иемденуге әрекеттенген.
Тергеу деректеріне сәйкес, негізгі айыпталушыларға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалған. Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі — Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, бұрын полиция қызметкері болып істеген. Ол 2016 жылы Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») және 362-бабы («Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану») бойынша сотталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Агенттік іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы мәліметі бар азаматтарды +7 (7172) 70 84 78 нөміріне немесе 1458 call-орталығына хабарласуға шақырады. Ақпарат бергендерге сыйақы және анонимділік кепілдендіріледі.