| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көшеде немесе аялдамада көрген кез келген QR-кодты ойланбастан сканерлеу банк картасындағы қаражаттан айырылуға әкелуі мүмкін. Полицейлер алаяқтардың түпнұсқа кодтардың орнына жалған QR-кодтарды жапсырып, азаматтарды қауіпті сайттарға бағыттай бастағанын ескертті, — деп хаьарлайды Dauletten.kz.
Қазақстандықтарға көшеде, аялдамаларда, тұрғын үй подъездерінде және жарнама тақтайшаларында орналасқан QR-кодтарды сканерлеу кезінде барынша сақ болуға кеңес берілді. Полицияның мәліметінше, соңғы уақытта алаяқтар осы тәсілді пайдаланып, азаматтардың жеке және қаржылық деректерін қолға түсіруге әрекеттеніп жүр.
Қылмыскерлер түпнұсқа QR-кодтың үстіне өздерінің жалған кодын жапсырып, пайдаланушыларды сырт көзге сенімді көрінетін, бірақ қауіпті сайттарға бағыттайды. Көп жағдайда азаматтар төлемді дұрыс жасап жатырмын деп ойлағанымен, ақша тікелей алаяқтардың есепшотына түсіп кетуі мүмкін.
Мамандар күмәнді QR-кодтарды бірнеше белгі арқылы ажыратуға болатынын айтады. Мәселен, кодтың басқа хабарландырудың үстіне жапсырылуы, ресми емес безендіру, «Сыйлық алыңыз», «Тек бүгін», «Жедел сканерлеңіз» деген сияқты асықтыратын жазулар немесе ұйымның атауы мен байланыс деректерінің болмауы күмән тудыруы тиіс.
Егер азамат күмәнді QR-кодты сканерлеп, банк картасының немесе жеке деректерін енгізіп қойған болса, уақыт жоғалтпай банкке хабарласып, картаны бұғаттау қажет.