Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырауда "Қолданылған батареяларды және ПВХ өнімдерін жою" акциясы өткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Жайық жалындары" жас волонтерлер клубының мүшелері қала тұрғындары үндеу жасап, қоқысты сұраптап тастауға шақырды.
Қолданылған батареяларды дұрыс сұрыптап, тастау – қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау үшін маңызды қадам. Батареялар құрамында ауыр металдар мен басқа да зиянды химиялық заттар бар, олар дұрыс жойылмаған жағдайда қоршаған ортаға және адамдарға зиян келтіруі мүмкін.
Қолданылған батареяларды жоймай тұрып, оларды дұрыс сақтау маңызды. Олардан ағып кетуі мүмкін зиянды заттарды болдырмау үшін мына кеңестерді ұстаныңыз:
Қолданылған батареяларды дұрыс сұрыптап, тастау арқылы сіз қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге және адам денсаулығын сақтауға өз үлесіңізді қосасыз, – делінген хабарламада.
Жоба Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты негізінде "Ой бренд" қоғамдық қорының "Волонтерлaр мен волонтерлік бірлестіктерді қолдауға бағытталған "Birgemiz: is-qimyl kezeni" жобасы шеңберінде іске асырылуда.