Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанайлық азаматтың банк картасындағы 50 млн теңге ұрланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алаяқтар азаматты интернет сайттағы жарнама арқылы тапқан. Ол сайтқа көлік тіркемесін саудалаған. Байланыс нөміріне хабарласқан қылмыскер алдын ала төлем жасайтынын айтып, банк картасының нөмірін, жеке деректерді алған. Нәтижесінде, алаяқтар шоттағы қаражатты өзіне аударған. Қылмыскерлердің Ресей азаматтары екені анықталды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері алаяқтарды іздестіру үстінде.
«Өткен жылдың соңында 50 адамды алдаған алаяқты ұстадық. Ол әлеуметтік желі қолданушыларына 80% жеңілдікпен аяқ киімдер ұсынған. Қылмыскер интернет-дүкендердегі аяқ киімдердің суретін жариялап, адамдарды алдаған», - деді ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Олжас Мағыпаров.
Тағы көру