| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өңірлерде құқығы тапталған әрбір балаға жеке кейс-менеджер тағайындалып, іс толық аяқталғанға дейін кешенді сүйемелдеу қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, анықталған әрбір жағдай бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдары қатарынан кейс-менеджер бекітіледі. Ол істің соңына дейін жауапты болып, барлық қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіреді.
- Кейс-менеджерлер білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, құқық қорғау және психологиялық қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіріп, баланың медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмегін қамтитын жеке қолдау жоспарын қалыптастырады және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді, - деді министр Шынар Ақпарова