Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
28-30 маусым аралығында өткен мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт күндері Qurban2023.kz сайтына тапсырыс беру арқылы онлайн және жергілікті қасапханаларда офлайн форматта құрбан шалынды, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекеге орай арнайы құрылған жұмыс штабы құрбан шалу рәсімдерін республика көлемінде ұйымдастыруды қолға алып, бүгінде жүйелі жұмысын сәтті аяқтап отыр.
Қорыта айтқанда, еліміз бойынша Құрбан айт күндері Qurban2023.kz сайтына 1 842 тапсырыс берілсе, 2 181 мұқтаж отбасыдан ет алу жөнінде өтініш келіп түскен.
Еліміз бойынша құрбан шалу рәсімі барысында жалпы саны 32 293 мал сойылса, оның 28 608-і – қой, 1823-і – ешкі, 1825-сі – сиыр, ал түйе саны – 37. Осылайша 1 104 тонна ет 123 594 отбасыға дін қызметкерлері және еріктілердің көмегімен жеткізіліп берілді. Құрбандық еті арнайы мекемелерге де таратылғанын айта кеткен жөн. Мәселен кейбір өңірлерде мүгедектер қоры, зағиптар қоры, ауруханалар мен ардагерлерге еріктілер құрбан етін есігінің алдына дейін апарып берді.