| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы алдағы сайлау науқанының заң талаптарына сәйкес өтуінің маңыздылығына назар аударып, барлық қатысушыларды қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға үндеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу жұмыстары 2–23 шілде аралығында жүзеге асырылады. Ал сайлауалды үгіт-насихат кезеңі 23 шілде күні сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады.
Бас прокуратура тіркеу рәсімі толық аяқталмай тұрып кез келген үгіт-насихат жүргізуге заң бойынша жол берілмейтінін ескертті. Мұндай талапты бұзған тұлғалар заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар сайлау барысында сайлаушыларға материалдық немесе өзге де артықшылықтар ұсынуға тыйым салынған. Атап айтқанда, ақша немесе сыйлық тарату, жеңілдіктер ұсыну, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, лотерея өткізу сияқты әрекеттер заңсыз үгіттің түрі ретінде бағаланады. Егер мұндай іс-әрекеттер сайлаушыларды сатып алу белгілерін қамтыса, қылмыстық жауапкершілік те туындауы мүмкін.
Ведомство сайлау жарияланған күннен бастап кандидаттар мен саяси партияларға, сондай-ақ оларды қолдайтын тұлғаларға ойын-сауық және спорттық іс-шараларды қоспағанда, қайырымдылық шараларын өткізуге шектеу қойылатынын да еске салды. Бұл талаптарды сақтамау кандидаттың немесе партиялық тізімнің тіркеуінің күшін жоюға негіз болуы ықтимал.
Ақпараттық кеңістіктегі заң талаптарына да ерекше мән берілген. Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар кандидаттар мен саяси партиялардың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді жариялаудан бас тартуы тиіс. Көрінеу жалған ақпарат таратқан жағдайда қолданыстағы заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Бұдан бөлек, қоғамдық пікірге жүргізілетін сауалнамалардың нәтижелерін жариялау тәртібі де заңмен реттеледі. Мұндай зерттеулерді арнайы талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар ғана жүргізе алады. Ал дауыс беру күні және оған дейінгі бес күн ішінде сауалнама қорытындыларын жариялауға тыйым салынады.