Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әйелдер мен балаларға жасалған аса ауыр қылмыстарға – зорлау мен кісі өлтіруге қатысты өлім жазасын енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл шешім Ыстықкөл облысында 17 жастағы Айсұлу есімді қыздың қаза табуына байланысты қабылданды. Бойжеткен 27 қыркүйекте жоғалып, екі күннен кейін оның мәйіті Боом шатқалынан табылды.
Күдікті ретінде 41 жастағы Бішкек тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол тергеу кезінде қызды көлігіне алдап мінгізіп, зорлап, кейін өлтіргенін мойындаған. Сондай-ақ мәйітті әуелі Ыстықкөл маңына көміп, кейін қайта қазып алып, шатқалға тастағанын айтқан.
Президент Садыр Жапаров қылмыстық істі жеке бақылауына алып, мұндай қылмыстарға ең қатаң жаза қолдану қажеттігін айтты.