Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қытай мен Өзбекстан шекарасында 4 жаңа кеден бекеті іске қосылды
Жаңалықтар

Қытай мен Өзбекстан шекарасында 4 жаңа кеден бекеті іске қосылды

14.07.2025
1 мин
0
296
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Қаржы министрлігі Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында 9 өткізу пунктін жаңғырту жобасын жүзеге асыруда. Қазірдің өзінде 4 өткізу пункті жаңартылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңғыртылған өткізу пункттері:

   •    Қытаймен шекарада — "Қалжат" және "Алакөл"

    •    Өзбекстанмен шекарада — "Қапланбек" және "Атамекен"

Жаңа кеден бекеттері заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Бақылау жүйесі толық автоматтандырылып, өту процесі "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Нәтижесінде, шекараны кесіп өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарды, ал жолақтар саны 2-ден 6-ға дейін артты.

Сонымен қатар CarGoRuqsat электронды кезек жүйесі енгізіліп, кедендік рәсімдер бұрынғыдан анағұрлым жылдам әрі тиімді жүргізілуде.

Өткізу қабілеті екі есеге артты:

    •    2022 жылы – 640 мың көлік

    •    2024 жылы – 1,4 миллион көлік

Жыл соңына дейін тағы 5 өткізу пунктін жаңғырту аяқталады: "Қазығұрт", "Тажен", "Темір баба", "Майқапшағай" және "Бақты".

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл