Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қытайдың экс-басшысы өмірден озды
Жаңалықтар

Қытайдың экс-басшысы өмірден озды

30.11.2022
1 мин
0
867

Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цземин 30 қарашада 96 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Dauletten.kz "Синьхуа"басылымына сілтеме беріп.

"Цзян Цзэминь жолдастың қайтыс болуы біздің партиямыз, біздің әскерилеріміз және барлық этностық топтан тұратын халық үшін орны толмас қаза", - делінген Қытай коммунистік партиясының, парламентінің, министрлер кабинетінің және әскерилерінің Қытай халқына жолдаған қаралы хатында.

Цзян Цзэминь 1993-2003 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметін атқарған. 

"Цзян Цзэминь 2022 жылы 30 қарашада 12:13-те (Астана уақытымен 10:13) Шанхайда лейкоз және көп мүше жетіспеушілігінен 96 жасында қайтыс болды", - делінген сайт таратқан ақпаратта.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Цзян Цзэминнің денсаулығында күрделі мәселелер бар деген ақпараттар тараған. Оның Қытай коммунистік партиясының 100 жылдығын мерекелеуге келмеуі бұл ақпаратты растаған да еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл